$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Болашақ көшбасшылар бақ сынасты

Болашақ көшбасшылар бақ сынасты

Ел болашағына бей-жай қарамайтын жастар өзара бақ сынасты. АМАNАТ партиясының ұйымдастыруымен өткен республикалық пікірсайыс турнирі тартысқа толы болды. Түрлі тақырыптарды зерттеп, қозғап, шешімін табуға тырысқан жастар арасындағы ел біріншілігі осымен 23-рет өтті. Британ, Америка және Дуглас-Линкольн форматтарында барлығы 60 команда өзара мықтыны анықтады. Екі күнге созылған зияткерлік бәсекеде қатысушылар өңірлік қауіпсіздік, экономика, сауда және логистика секілді аса өзекті мәселелер бойынша пікірлерін ортаға салды. Нәтижесінде, Елордалық Дильназ Бауыржанқызы оқ бойы озық болып, бас жүлдені иеленді.

ДИЛЬНАЗ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, ЖЕҢІМПАЗ:

Іріктеу раундтары да, Out раундтары да қатты дайындықты талап етті. Біз соған дайындала білдік деп санаймын. Барлық тақырыптарды ашып, үлкен бәсекелестікке шыдай алдық деп ойлаймын.  

АҚЕРКЕ ИСКАНДЕРОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Осы жылғы ойындар бізде «QAZAQ DEBATE» қозғалысымен бірлесе өтуде. Осы пікірсайыстың мақсаты – Партия әрдайым ойлай алатын, жақсы ұсыныстарды бере алатын жастармен жұмыс жасай алады, оларды қолдайды. Сондықтан, пікірсайысшыларға осындай алаң ұсынып отыр.