$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Жүргізуші қарсы бағытқа шығып кеткен": жол апатынан 8 адам қаза тапты

17.11.2025ж. 19:00
"Жүргізуші қарсы бағытқа шығып кеткен": жол апатынан 8 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза тапты.  Төрт адам ауруханаға жеткізілген. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға «Чапай – Жаңақала – Сайқын» облыстық маңызы бар автожолдың 50-шақырымында болған. Toyota Camry және Volkswagen Sharan автокөліктері соқтығысып, бір көлік өртенген.  Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші қарсы бағытқа шығып кеткен. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.