$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Никол Пашинян Астанаға келеді

17.11.2025ж. 19:26
Никол Пашинян Астанаға келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.