Түнде жанармай құю бекетінде белгісіз ер адам кассирге пышақ көрсетіп, қорқытып, ақша талап еткен,-деп хабарлайды Astana TV.
Қолма-қол қаражатты иемденгеннен кейін оқиға орнынан бой тасалаған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдікті бір сағат ішінде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады.