$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Үстіне кондиционер құлаған фельдшер қаза тапты

18.11.2025ж. 13:52
Үстіне кондиционер құлаған фельдшер қаза тапты
фото: ашық дереккөз

Астанада 8 қарашада тұрғын үйдің қасбеті құлап, жарақат алған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан қайтыс болды. Мұны Астана денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді,-деп хабарлайды Astana TV.

- Тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптама мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлауы салдарынан қызметтік міндетін атқару барысында ауыр жарақат алған фельдшер 18 қарашада көз жұмғанын хабарлайды, делінген хабарламада.