Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық несиелерге қатысты жаңа шектеулер енгізді,-деп хабарлайды Astana TV.
Тиісті қаулыға сәйкес, кредит беру талаптары күшейтіліп, қарыз жүктемесі коэффициентіне (БЖК) бірқатар өзгерістер енгізілді. Агенттік кепілсіз несие қандай жағдайда берілмейтінін нақты түсіндірді:
-банк алдындағы берешек 30 күннен асса, микрокредиттер бойынша — 1 күн кешіктірілсе;
-2025 жылғы 1 шілдеден бастап соңғы 36 айда негізгі қарыз және сыйақы толық кешірілген жағдайлар болған кезде;
-соңғы 12 айда жүргізілген қайта құрылымдау қарыз алушының міндеттемелерді орындауына әсер етпесе.
Өзгерістер 24 қарашадан бастап күшіне енеді.