$465.74 €531.08 ₽5.92
×

Президент өрттен қайтыс болған марқұмдардың жақындарына көңіл айтты

18.11.2025ж. 19:00
Президент өрттен қайтыс болған марқұмдардың жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Түркістан облысы Жетісай ауданында болған өрттен қайтыс болған марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазған. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен тұлғалардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.