Атыраудағы облыстық инфекциялық аурухана қызметкерлері жалақы мен еңбек демалысы төлемінің азайып кеткеніне наразы. Айтуларынша, өзгеріс аурухана басшысы мен есепшісінің ауысуынан соң басталған. Тіпті айлықтың не себепті азайғанын да ашып түсіндірмеді,- деп ашынады аурухананың кіші қызметкерлері мен жүргізушілері.
Аурухана қызметкерлері ауысымнан шықса да, үйлеріне кете алмай жүр. Олар маңдай тер, еңбек ақымызды дұрыс есептемей отыр деп ашулы. Айтуларынша, былтыр айлық ақша да, еңбек демалысына берілетін төлем де жоғары болған. Жұмыс көлемі азаймаса да, жалақының төмендегеніне күмәнмен қарайды.
БАҚЫТ ҚҰШЛАНОВА, КІШІ ҚЫЗМЕТКЕР:
Қазір еңбекақымыз былтырғы жылдан қарағанда төмен. Былтырлары 270-280 мың, әрі кетсе 300-ге дейін алатынбыз, қазір 240-210, 180-170 ойлаңыз айырмашылық. Былтыр отпускной 370-400ге дейін болған. Биыл 250-260 стандартқа қойып тастады.
САНСЫЗБАЙ МАҚАШЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:
24 сағатқа түсеміз. 8 ауысым жасасақ та, 10 ауысым жасасақ та 150 мыңнан аспайтын жалақымыз бар. Отпускноймыз ең төмені, ең азы біздерде жүргізушілерде.
Қызметкерлер бұған дейін шағымданған. Бірақ жауап ала алмадық,- деп ренжиді. Басшылық болса, жалақыны келісім-шарт негізінде заңнамаға сәйкес төлеп отырғанын айтты. Сөздерінше, тазалықшыларының жалақысы өзгермеген - 312 мың теңге. Ауысымдық жұмыс кестесімен 240-250 мың теңге алады.
НҰРБЕК ҮКІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Еңбек демалысының төлену тәртібі бойынша комиссия құрылды денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде. Осы апта апта комиссия шешемін ұжым алдында ұсынады. Түсіндірме жұмысы жүргізіледі. Бұл мәселе туындап отырған себебі ауысымдық кестемен жұмыс жасайын қызмекерлерге төлену тәртібі комиссиясен қаралып жатыр.
Білгеніміздей, еңбек демалысының төлену тәртібі Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығымен өзгерген. Бұрын күнтізбелік күндермен есептеле, қазір атқарған ауысым сағатына қарай төлейді екен.
МАЙРА ҚАШКЕНОВА, “СЕНІМ” ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ АОФ ЖЕТЕКШІСІ:
Наразылықты болдырмас үшін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрілігіне де сұраныс жолдадық. Кәсіподақтың атынан. Сол сұраныс бойынша олардың беріп тұрған қазіргі 908 бұйрыққа енгізілген өзгерістере сәйкес есептелуі тиіс деген қорытынды беріп тұр.
Қызметкерлердің шағымына байланысты арнайы комиссия құрылып, зерделеу жұмысы жүргізілген. Осы аптада төлемге қатысты шешім қабылдаймыз, - деп отыр.