$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстандықтардың 68 пайызы бір палаталы Парламентке көшу туралы ұсынысты қолдайды

Қазақстандықтардың 68 пайызы бір палаталы Парламентке көшу туралы ұсынысты қолдайды

Қазақстандықтардың 68 пайызы бір палаталы Парламентке көшу туралы ұсынысты қолдайды. Бұл туралы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болған. Ал депутаттарды партиялық тізіммен сайлауды тұрғындардың 63 пайызы мақұлдаған. Атап айтқанда, реформаны қолдап дауыс бергендердің 72 % пайызы 18 бен 29 жас аралығындағы жастар. Жаңа жүйеге қызығушылық білдіргендердің 73%-ы ауыл тұрғындары. Ал қалалықтардың 65%-ы қолдаған. Бір сөзбен айтқанда бір палаталы Парламентке көшуге ауылдағы ағайын көбірек ниет білдіріпті.