$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағанды облысында шетелдік туристер көбейген

18.11.2025ж. 19:00
Қарағанды облысында шетелдік туристер көбейген

Қарағанды облысына келетін  шетелдік турист көбейген. Биыл алты айда аймаққа 200 мыңнан астам саяхатшы келіпті.  Ол жолдың жақсаруы мен туризм саласына құйылған инвестиция көлемінің ұлғаюына тікелей байланысты.

Облыс әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, бұл салаға 19 млрд теңге тартылған. Жыл соңына дейін тағы 4 млрд теңге бөлінеді. Бұл инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 11 пайыз артық. Ал туристер бұрыңғыдан 29 пайызға көбейген.  Мемлекет басшысының тапсырмасымен аймақта туристік инфрақұрылымды дамыту қолға алынды. Балқашта инвесторларға шипажай мен қонақүйлер салуға екі жер телімі берілді. Көлік жолы салынып, электр және су желілері тартылған. Жақында Балқаш әуежайының жаңғырту жұмыстары да аяқталады. Нысанның өткізу қабілеті сағатына 80 жолаушыға дейін ұлғайып, әуе қатынасының географиясы кеңейеді. Туризм үшін тағы бір маңызды бағыт – Қарқаралы. Ондағы «Бұғылы» демалыс аймағында 75 гектар аумақта заманауи туристік кешен салынуда. Қазіргі таңда инженерлік желілер тартылып жатыр.