$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа орналасты

AstanaTV
18.11.2025ж. 19:00
Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа орналасты

Жарым жандар жұмыссыз қалмайды. Жамбылда ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шара «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылды. Бүгінгі шараға 40-қа жуық жұмыс беруші қатысты. Олардың қатарында металл құрылымдар зауыты, «ҚазПочта», әскери бөлім және түрлі әлеуметтік ұйымдар бар. Жәрмеңкеде жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі азаматтармен тікелей жүздесіп, бос жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар кеңес беру, құжат рәсімдеу және жұмысқа орналасу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Биыл Әулиеата өңірінде «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 30-ға жуық жәрмеңке өтіп, нәтижесінде 51 азамат тұрақты, 35 адам уақытша жұмысқа орналасқан.

ӘСЕМ ӘБДІМАНАПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен осы жәрмеңкеге келіп арнайы қоғамдық бірлестіктен жұмыс орнын таптым. Арнайы осы көзі көрмейтін зағиптарға брайл оқып үйретемін. Мүгедектігі бар адамдар жұмыссыз отырады. Осы жірмеңкелердің көмегімен тез арада жұмыс тауып, тұруға болады.