Астанада «Болашақ жұмысшы мамандықтар» атты форум өтті. Шараны «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «AMANAT» партиясы ұйымдастырды. Қатысушылар мен ірі компания басшыларына политехникалық колледждің жұмысы таныстырылып, заманауи оқу үдерістері мен мамандар даярлау әдістері көрсетілді. Экскурсиядан кейін техникалық бағыттағы студенттермен ашық диалог өтті. Мұндай кездесулер жастарға сұранысқа ие мамандықтарды тереңірек тануға жол ашады. Нақты мансаптық мүмкіндіктерді көруге, ал жас басшыларға салада тиімді әлеуметтік лифттер мен меритократия қағидаттарының бар екенін көрсетуге көмектеседі.
АРСЛАНБЕК МАҒЗҰМ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгін жас басқарушылар, жас жетекшілер келді. Бұл – олар үшін де, жалпы жастар үшін де үлкен мотивация. Өйткені даму перспективасы бар, әлеуметтік лифт бар, меритократия қағидаты бар. Сондықтан біз мұндай форумдарды республика бойынша өте жиі өткіземіз.