ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында еліміздегі ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.
Ол жыл сайын республикада ЖРВИ-дің 3,5 млн және тұмаудың 2 мыңға дейін оқиғасы тіркелетінін айты.
Биылғы эпидемиологиялық маусым (1 қыркүйектен бері) басталғалы елімізде ЖРВИ-дің 1 млн 461 мың оқиғасы тіркелген. Бұл 2024-2025 жылдардың өткен кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмен. Соның ішінде 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында адам ауырған.
Соңғы аптада республикада ЖРВИ-дің 183 мың оқиғасы тіркелді, 2024-2025 жылдары өткен эпидемиялық маусымының осыған ұқсас аптасымен салыстырғанда ауру жұқтырғандар 16%-ға артқан.
Эпидемиялық маусым басталғалы бері тұмаудың зертханалық расталған жағдайы – 590, оның ішінде А типі (H3N2) – 587 (Қазақстанда 2001 жылдан бері тіркеліп келе жатқан Гонконг тұмауы), А (H1N1) типі – 3 жағдай.
«Биыл тұмаудың айналымы 41 аптада, яғни қазан айының бірінші жартысында, өткен эпидемиологиялық маусымнан сәл ертерек анықталды. Бұрын Қазақстан аумағында айналымда болмаған тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ. ЖРВИ және тұмау белгілері бар пациенттер тұмауға қарсы емес вирустарға да тексеріледі. Республика бойынша риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус, РС вирусы, метапневмовирустердің айналымда жүргені байқалады. ЖРВИ-дің 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралған»,- деді Ақмарал Әлназарова.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы аптада республикада оқушылар арасында ЖРВИ-дың 6 мыңнан астам оқиғасы тіркелген. ЖРВИ-мен ауыратын науқастардың жалпы санының ішінде оқушылардың шамамен 4%-ы ауырған. 2,1 млн адам тұмауға қарсы егілген, вакцина ағымдағы эпидемиологиялық маусымда өзекті штаммдардан, оның ішінде А тұмауының (H3N2) штаммдарынан қорғайды.ЖРВИ және тұмаудың маусымдық өсуіне байланысты МСАК ұйымдарының жұмысы күшейтіліп, фильтр-кабинеттердің жұмысы және эпидемияға қарсы режимнің сақталуы қамтамасыз етілді. Вирусқа қарсы және қызу түсіретін препараттардың, жеке қорғаныш құралдары мен дезинфекциялық құралдардың жеткілікті қоры бар.