Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйде шыққан өрттің қылмыстық құрамы жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты.
- Кеше сағат 05.36-да Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Екі қабатты үй толығымен өртке оранды, шатыр ішінара құлады. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары дереу жіберілді, өрт сағат 07.22-де сөндірілді. Өкінішке орай, өрт орнында 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы - балалар. 3 адам зардап шекті, олар қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, - деді ол.