$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Колледж директоры 49 млн теңгені жалған студенттер арқылы жымқырды деген күдікке ілінді

19.11.2025ж. 10:18
Колледж директоры 49 млн теңгені жалған студенттер арқылы жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: azattyq-ruhy.kz

Батыс Қазақстан облысында «Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» директоры бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен тергеліп жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

«Тергеу мәліметінше, ол оқуға қатыспаған 54 адамды студент ретінде жалған тіркеп, олардың атына:сабаққа қатысу табельдерін,бағаларды,үлгерім құжаттарын рәсімдеген»- деп мәлімдеді ҚМА.

Стипендия да заңсыз тағайындалып, кей жағдайда көтеріңкі мөлшерде төленген. Жалған студенттердің атына ашылған шоттардағы ақша директорға немесе оның адамдарына беріліп, қолма-қолға айналдырылған.

Келтірілген шығын – 49 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті үйқамаққа алынған, оның пәтеріне тыйым салынды. Тергеу жалғасуда.