$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ШҚО-да 24 мектеп онлайн оқуға көшті

19.11.2025ж. 15:04
ШҚО-да 24 мектеп онлайн оқуға көшті
фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысында жедел респираторлық вирустық инфекцияның көбеюіне байланысты 3 мыңнан астам оқушы қашықтан оқуға жіберілді,-деп хабарлайды Astana TV

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, 1 қазаннан 17 қарашаға дейін облыста 46 мың адам ЖРВИ жұқтырған. Оның шамамен 60 пайызы - бала. Өңірдегі 24 мектепте 169 сынып онлайн форматқа ауыстырылған.

Өскемен қаласында 18 мектепте сыныптар онлайн оқуда. Сондай-ақ Күршім ауданының 3, Ұлан ауданының 2 мектебінде де осындай жағдай тіркелген.