$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза күшейеді

19.11.2025ж. 18:21
Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза күшейеді
фото: Sputnik Қазақстан

Қазақстанда медициналық қызметкерлерге шабуыл жасағандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейтіледі,-деп хабарлайды Astana TV

Жалпы Қылмыстық кодекс нормаларын қарасақ, жеңіл зиян келтіру, соққы беру жағдайларында 25-50 тәулік, ал айыппұл бойынша шамамен 200 АЕК (786 мың теңге) қарастырылған. Енді, егер субъект ретінде медицина қызметкері – дәрігер, медбике, санитар немесе тіпті жедел жәрдем жүргізушісі қарастырылса, жаза үш жылға дейін созылады, 1000 АЕК-ке дейін айыппұл (3 692 000 теңге), 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту болып өзгереді. Яғни субъект медициналық қызметкер болған жағдайда қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейеді, – деді депутат Асхат Аймағамбетов.

Денсаулыққа орташа немесе ауыр зиян келтірілген жағдайда жаза қатаңдайды, бұл үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Депутаттың айтуынша, бұл өзгерістер медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.