$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Гонконг тұмауы"- жаңа вирус емес

19.11.2025ж. 15:25
"Гонконг тұмауы"- жаңа вирус емес
фото: ОКҚ

Гонконг тұмауы-жаңа вирус емес,-деп хабарлайды Astana TV

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев осылай дейді. Бұл- бұрыннан бар А типті тұмау. Оның айтуынша, эпидемиологиялық маусым басталғалы елімізде ЖРВИ-дің шамамен 1,5 млн жағдайы тіркелген, бұл өткен эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда 20%-ға төмен. Тұмаудың 590 жағдайы зертханалық жолмен расталды, оның ішінде А типі – 587 жағдай.

«Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Гонконг вирусы деп аталатын аурудың таралуы туралы қауесеттер таралуда. Бұл тұмаудың жаңа немесе ерекше штаммы пайда болды деген әсер қалыптастырады. Осыған байланысты ресми түсініктеме бергім келеді. А типті тұмау (H3N2), оны көп жағдайда Гонконг тұмауы деп те атайды, жаңа вирус емес. Ол алғаш рет 1968 жылы анықталды және сол кезден бастап әлемде айналымда болып тұрады. Қазақстан Республикасының аумағында бұл вирус көп жылдан бері бар және маусымдық эпидемиологиялық процесс барысында кейде тіркеліп отырады. Ағымдағы жылғы тұмау айналымы қазан айының бірінші жартысында, яғни өткен эпидемиологиялық маусымнан сәл ертерек анықталды. Бұрын Қазақстан аумағында айналымда болмаған тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ», - деді спикер.

Сонымен қатар, спикер анықталған вирустар ағымдағы маусымның екпе жасалатын штаммдарына толық сәйкес келетінін, сондықтан вакцина салдыру өзекті және ауыр аурулардың алдын алуда тиімді екенін атап өтті.