Әлемдегі ең беделді технологиялық университеттердің бірі - Massachusetts Institute of Technology Қазақстанда Жасанды интеллект университетін ашуы мүмкін,-деп хабарлайды Astana TV.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, қазір MIT-пен келіссөздер жүріп жатыр.
Қазір АҚШ-та жоғары білім саласында жағдай өте қиын. Президент әкімшілігі үлкен университеттерді қаржыландыру жағынан қатты қысып жатыр. Гарвард, Колумбия университеттері де өте қиын жағдайда. Сондықтан ақырындап алпауыт университеттер бізге бет бұра бастады. Қазір Президентіміздің жасанды интеллект университетін ашу жөнінде үлкен тапсырмасы бар. Бәлкім сол университет MIT-пен серіктестік негізінде ашылып қалады, -деді Саясат Нұрбек.