$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Вирус жұқтырғандар күрт көбейді: бір аптада 183 мың жағдай

AstanaTV
19.11.2025ж. 19:00
Вирус жұқтырғандар күрт көбейді: бір аптада 183 мың жағдай

Гонконг вирусы тарап жатыр. Жұрт  тұмаудың жаңа немесе ерекше штаммы пайда болды депдүрлігуде.  Бірақ, бұл жаңа ауру емес дейді мамандар. А типті тұмау алғаш рет 1968 жылы анықталды және сол кезден бастап әлемде айналымда болып тұрады.  Эпидемиялық маусым басталғалы  оның 587 жағдайы тіркелген. Тұмаудың өзге түрлеріне шалдыққандар да көп.  Өңірлердегі жағдайды тілшілеріміз жеткізеді.

АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:

Эпидемиологиялық маусым басталғалы елде 1 жарым млн адам жедел респираторлық вирус жұқтырған. Бұл былтырға қарағанда төмен. Бірақ, балалар арасында аурудың өршуі белең алып тұр.

№3 көпбейінді балалар ауруханасында  төсек орын көбейтілді.  Стационардың қабылдау бөліміне күн сайын 450–500-ге дейін науқас келуде.

Білім беру ұйымдарында санитарлық шаралар күшейтілген. Елімізде 132 мектептің 1 469 сыныбы қашықтан оқуға көшті.

САРХАТ БЕЙСЕНОВА, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС САНИТАР ДӘРІГЕР:

Бүгін таңертең алған мәлімет бойынша мұндай шешім 7 өңірде қабылданған. Бүкіл республика бойынша 1 469 сынып қашықтан оқуға көшкен. Мектеп емес, сынып бұл. 

Ауырып жатқандардың 66 проценті-бала. Науқастарға алғашқы медициналық көмекті көрсету үшін 995 мобильді бригада және 1800 фильтр-кабинет ұйымдастырылған, оның жартысынан көбісі жүкті әйелдер мен балаларға арналған. 1600 бригада шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

ЖРВИ және тұмау белгілері бар пациенттер тұмауға қарсы емес вирустарға да тексеріледі. Республика бойынша риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус, РС вирусы, метапневмовирустердің айналымда жүргені байқалады.

АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:

Қазір  емханалар күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Фильтр-кабинеттердің жұмысы бақылауда, бірақ келушілер саны көп болғандықтан жүктеме әлі де жоғары.  Болжам бойынша өсім желтоқсан айының ортасына дейін сақталуы мүмкін.  Алматыда жағдай қалай болып жатыр, оны әріптесім Жомарт Түзелбай айтады.

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Рахмет, Айғаным!  Алматыда ауруды жұқтырғандар саны 23 мыңнан асты.  Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18,7%-ға  жоғары дейді мамандар. Бізде де көбі-бала. 

Қала тұрғындары вирустан барынша қорғануға тырысуда. Дер кезінде дәрігерге көрініп, үйден болса да ем алып жатқандарын айтады.  

БЛИЦ: 

- Мұрыннан су ақты, тамағы ауырды. Баламды Алтынсарина облыстық больницаға апардық детский. Сол жақ қарап берді. 

- Бір 10-15 күндей ауырдым. Тамағым ауырып жұтына алмай, сонымен өзім ем қолдандым үйде. 

Ал, мамандар қаңтар айына дейін тұмау белсенділігінің сақталады деп отыр.  

АЛМАШ АХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Тұмауға қарсы вакцинасия Алматы қаласында 25-ші қыркүйектен басталып, 12-ші қарашаға дейін жүргізіліп болды. 250мың адам екпемен қамтылды. 

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Дәрігерлер аурудан сақтану үшін екпе салдырған жөн дейді. Сондай-ақ, медициналық маска тағып жүруге кеңес береді.  Біздегі ахуал осындай...  Базаргүл, Атырауда тұмаумен ауырып жатқандар көп пе?

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Ия, Атырауда  биыл 17  адам гонконг вирусын жұқтырды. Ал былтыр 25 адам ауырыпты. Эпидемиологтар бұл атаудан шошымауды ескертеді.

Гонконг вирусы - жаңа вирус емес, жыл сайын кездесетін тұмау,  ғылыми түрдегі атауы -  Н3N2 штамы деп отыр. Мамандардың сөзіне сенсек, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 

ГҮЛНӘЗ ЕРБАТЫРОВА, ОБЛЫСТЫҚ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аурушаңдықтың жалпы тіркелуі, оның ішінде мектеп оқушылары арасында тіркелуі эпидемиологиялық жағдайы былтырғы жылмен, апталық көрсеткішпен  қаралып отыр. 

Алайда облыстық инфекциялық аурухана науқастарға лық толы. 150ден астам бала мен 50ден астам аяғы ауыр әйел ем алуда.

ӘСИЯ СИДЕШОВА, ИНФЕКЦИОНИСТ-ДӘРІГЕР:

Бір үйден 3 баласымен, 4 баласымен ауырып келіп жатқан науқастар бар.  Соларды мысалы, біреуін жатқызсақ, үшеуін амбулаторлық емдейтін балалар. Қазір аурухана толық,  қабылдау бөліміне бір тәулікке есептейтін болсақ,  80-100-ге дейінгі науқас бізге қаралуда.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Аймақта экпидемиологиялық маусым басталғалы жіті респираторлық вируспен қанша адам ауырғаны белгісіз.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл ақпарат эпидемиологтарда болады десе,  ондағылар науқасты емдейтін аурухана мен емханалар басқармаға қарайтындықтан, есеп соларда деп,- жауап бермей отыр.