Елімізде сүйек метастаздарын емдеудің жаңа әдісі қолданыла бастады. Тың инновациялық әдіс Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының ядролық медицина орталығында тәжірибеге енгізілді. Препарат метастазбен зақымданған сүйек тіндеріне таңдамалы түрде шоғырланып, патологиялық ошақтарға жұмсақ бета-сәуле арқылы әсер етеді. Нәтижесінде ауырсыну синдромы азайып, сүйектің бұзылуы бәсеңдейді, ал сау тіндер зақымданбайды. Процедура көктамыр арқылы жүргізіледі және үш айда бір рет жасалады. Әдетте ем үшін үштен алты ретке дейінгі сеанс қажет болады. Емдеу амбулаториялық жағдайда өтеді. Науқас ауруханаға жатқызылмайды, барлық процесс онколог-дәрігер мен ядролық медицина маманының бақылауымен жүргізіледі.
ҚУАНТҚАН ШАБАҒИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫ ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:
Ауырсыну сезімі азайды. Жоғалып кетті. Мен күнде ішіп жүретін ауырсынуды басатын дәрілерді ішкен жоқпын. Тамаққа тәбетім жоғарылады. Менің жағдайым жақсара бастады дәрігер. Сізге рақмет. Өмір сапасын жақсартады. Бұл дәрі.