$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда "Келешек мектептері" таныстырылып, жаңа форматтағы білім берудің мүмкіндіктері көрсетілді

Алматыда "Келешек мектептері" таныстырылып, жаңа форматтағы білім берудің мүмкіндіктері көрсетілді

Алматыда ұлттық жоба аясында салынған «Келешек мектептері» таныстырылып, қала тұрғындары мен мамандарға жаңа білім беру кеңістігінің ерекшеліктері көрсетілді. Білім орындары кең, жарық, ашық кеңістік көп. Оқушылар үшін топтық жұмысқа, шығармашылыққа, зертханаға арналған арнайы аймақтар қарастырылған. Педагогтар да жаңа үлгідегі оқыту әдістерін қолдану үшін арнайы дайындықтан өткен.

Жаңа мектептер заманауи инфрақұрылымымен, цифрлық технологиялармен және оқыту тәсілдерінің жаңалығымен ерекшеленеді. "Келешек мектептерінде" оқу процесі дәстүрлі форматтан өзгеше ұйымдастырылған. Әр сынып интерактивті панельдермен, мультимедиялық құрылғылармен және жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталған.

ЛӘЗЗӘТ ДӘУЛЕТБЕК, №222 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Мектеп 2000 оқушыға арналған. Мектепте төрт спорт залы қарастырылған. Төрт спортзалдың екеуі спортзалы жоғарғы сыныптың оқушыларына арналса, 650-шаршы метрден.Ал екі спортзалы бастауыш сыныптың оқушыларына арналған.  

Мектептер қауіпсіздік талаптарына сай салынған. Бейнебақылау, өрт қауіпсіздігі, заманауи желдету жүйелері орнатылған. Инклюзивті білімге арналған жағдайлар да толық қарастырылған.

ҚАРЛЫҒАШ АКМУРЗАЕВА, АЛАТАУ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Алматы қаласы бойынша келешек мектептері аясында 34800 орынға арналған 21 мектеп енгізілген. Соның ішінде биылғы жылы жалпы 23100 орынға арналған 13 мектеп өзінің жұмысын бастап, балаларға білім беріп жатыр.

Қазір осындай 11700 орынды 8 мектеп құрылыс жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, мектептерде шығармашылыққа баса назар аударылған. Балалардың ұлттық өнерге, технологияға және спортқа бірдей қол жеткізуіне жағдай жасалған.