$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбе жаңа мультимодельдік хабқа айналады

AstanaTV
19.11.2025ж. 19:00
Ақтөбе жаңа мультимодельдік хабқа айналады

Ақтөбе өңірінде жаңа экономикалық аймақтар құру жұмыстары қарқын алды. Облыс орталығындағы әуежай жанынан 858 ГА жер бекітілген. Инфрақұрылымға қатысты құжаттар  дайындалып жатыр. Келер жылы құрылыс пен инженерлік желілерді тарту жұмыстары басталмақ.  Аймақ басшысы тиімді тарифтер енгізіліп, логистикалық процестер жеңілдесе, шетелдік капиталдың келуіне ықпал ететінін айтады.

Облыс делегациясының Қытай еліне сапары жаңа инвестициялық жобаларға жол ашты. Сапар барысында облыс әкімдігі қытайлық жетекші компаниялармен кездесіп, энергетика, металл өңдеу, экология мен өнеркәсіп саласында жаңа жобаларды талқылаған. Бірнеше меморандумға қол қойылды. Соның бірі- құны 1,2 млрд доллардан асатын кармабид, аммиак өндірісі. 

АСХАТ ШАХАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Тағы да қосымша 1,2 млрд долларға жобаларды біз іске асыруға кірістік. Бұл тек қана жай ғана меморандум емес, келіссөз емес,нақты қол қойылып , бастапқы қаржы құйылып, осы жобаларды біз іске асыруға кірістік. Бірнеше жоба биыл аяқтайтын болады.

Ақтөбе елімізде төртінші мультимодельдік авиациялық хабқа айналуы тиіс. Аймақта машина жасау, химия өнеркәсібі, металлургия және құрылыс материалдарының өндірісі сияқты салалар басымдыққа ие. Әзірге экономикалық аймаққа қызығушылық танытқан 40-қа жуық жоба бар. Мамандардың айтуынша, аймақтың инвестициялық тартымдылығы артып келе жатыр.

МАҚСАТ АЙТИМБЕТОВ, «АҚТӨБЕ» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯСЫ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

2030 жылға қарай арнайы экономикалық аумағында инвестиция көлемі 82,3 млрд теңгеге жеткізу, сондай-ақ 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру мен кемінде 23 арнайы экономикалық аймақ қатысушысын тіркеу көзделген. 

Аймақ басшысы тиімді тарифтер енгізіліп, логистикалық процестер жеңілдесе, Ақтөбенің географиялық артықшылығы айқын болатынын айтады. Өңір тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, жүк тасымалы үшін ерекше қолайлы.