$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» керуені жолға шықты

AstanaTV
19.11.2025ж. 19:00
Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» керуені жолға шықты

Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» керуені аудандарға аттанды. Профилактикалық керуен өңірде ғана емес еліміз бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл -полиция, прокуратура және жергілікті атқарушы органдар, заңгерлер мен психологтардан құралған мобильді топ. Олар аудандарды аралап, шалғайдағы елдімекен тұрғындарының өтінішін тыңдап, сол жерде кеңес береді.  Керуен бүгін Меркі ауданына ат басын тіреді.

ДАНИЯР ОРАЗБЕК, «ЖАС САҚШЫ ҚАЙСАР» ТОБЫНЫҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ:

Бұл іс -шарадан біз өзімізге ой түйіп, өзіміздің мептепте ғана емес бүкіл аудандық мәселелердің алдын алуға тырысамыз. Мысалға айтқанда буллингтің алдын алу, мектептегі адамдардың бір-бірімен ара қатынасын жақсарту, балалардың арасында түсінбеушіліктерді жою.

«Заң мен тәртіп» керуені арқылы тәртіп сақшылары халықтың жағдайымен жақын танысады. Олар мәселенің салдарымен күресіп қана қоймай, құқық бұзушылықтардың алдын алмақ.

АЙЖАН ТҮКТІБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АППАРАТЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ:

Кибербуллинг деген сеть арқылы бір-біріне буллинг жасайды. Соған көбірік көңіл бөлеміз. Себебі, бұл жастарға өте қатты әсер етуде. Сонымен бірге үлкен емес, даже жастарымыз алданып қалып жатады интернет алаяқтарға. Солардың алдын алу жұмысы және түсіндіру жұмысы жүргізіледі.