$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

20.11.2025ж. 07:47
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады,-деп хабарлайды Astana TV.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі.

Ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде қарлы боран соғып,  көктайғақ болады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ 22 қарашада батыс пен солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.