$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алаяқ жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп азаматтарды алдаған

20.11.2025ж. 10:01
Алаяқ жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп азаматтарды алдаған
фото: Zakon.kz

16 азаматты алдаған елорда тұрғынына қатысты үкім шықты,-деп хабарлайды Astana TV

Бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа азаматтар ақша аударған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты. Мәселен, өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура қырағылық танытып, ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру қажеттігіне назар аударады.