$541.34 €640.73 ₽6.53
×

2028 жылға қарай республикалық бюджет кірістері 23,2 трлн теңгеге дейін өседі

20.11.2025ж. 11:04
2028 жылға қарай республикалық бюджет кірістері 23,2 трлн теңгеге дейін өседі
Фото: ҚР Парламенті Сенаты

Парламент Сенатының кезекті отырысында 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы мен жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин кірістер болжамын және Ұлттық қор қаражатын пайдалану параметрлерін таныстырды.

«Трансферттерді есепке алмағанда кірістер 2026 жылы 19,2 трлн теңге көлемінде немесе жалпы ішкі өнімге қатысты 10,5% деңгейінде болжануда. Осы жылдың бағалауымен салыстырғанда өсім 4,7 трлн теңгені құрап, 2028 жылға қарай 23,2 трлн теңгеге дейін немесе 20,8%-ға өсуі күтілуде. Жалпы, республикалық бюджеттің меншікті кірістермен қамтамасыз етілуі 2025 жылғы 63,7%-дан 2028 жылы 83,5%-ға дейін өседі»,-деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мұнайдың кесімді бағасы бойынша есептелген лимит шегінде жыл сайын 2 770 млрд теңге мөлшерінде айқындалды.