$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Өскеменде титан ұнтағынан онкологиялық ауруларды емдейтін имплантаттар жасалады

20.11.2025ж. 18:43
Өскеменде титан ұнтағынан онкологиялық ауруларды емдейтін имплантаттар жасалады
фото: pixabay

Өскеменде Ана мен бала орталығы және Гематология орталығын біріктіретін заманауи медициналық кластер құрылысы басталды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы Нефрология орталығын құру жоспарланған.

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстары жалғасады. Биыл 118 маман оқытылды, оның ішінде 72 маман Түркия, Израиль, Германия, Қытай және басқа елдердің жетекші медициналық орталықтарында тағылымдамадан өткен.

-Біздің университет ғалымдары Ұлттық травматология және ортопедия орталығымен бірлесіп, импланттың 6 түрін жасап шығарды. Омыртқа аралық кейдж және пластина орнату бойынша 137 ота жасалды. Қазақ онкология және радиология институтымен бірлесіп, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған титан ұнтағынан имплантаттар жасалып жатыр,- деді Нұрымбет Сақтағанов.