Облыс әкімі клубтың баланстық құны 200 млн теңге екенін хабарлады,-деп жазады Astana TV 1Бол!-ға сілтеме жасап.
Клубты ақтөбелік кәсіпкер, «Qazaq Stroy» компаниясының басшысы әрі құрылтайшысы Нұрлан Артықбаев сатып алмақ. Құжаттарды рәсімдеу жұмысы алдағы бір-екі айда толық аяқталуы тиіс. Облыс әкімі клубтың баланстық құны 200 млн теңге екенін хабарлады.
«Бюджеттен қаржы бөлінбейді, ол кісілер клубты жетілдіреді. Өзі кішкентайынан клубтың жанкүйері болған екен. Сол кезде-ақ болашақта мүмкіндік болса, үлес қосамын деп армандаған. Өзі хабарласып, президенттің тапсырмасын жүзеге асыруға дайын екенін білдірді. Қалай болатынын, клубқа қанша бөлінетінін кәсіпкердің командасы айтады. Біз де тыс қалмаймыз, қажетті инфрақұрылым, соның ішінде балалар, жасөспірімдер футболы басты назарда болады», - деді Ақтөбе облысының әкімі Шахаров.