Қызылжарда синтетикалық есірткінің үлкен партиясы тәркіленді. Тәртіп сақшылары күдікке ілінген көлікті тоқтатып, ішін тінтіп шыққан. Нәтижесінде көліктің жүксалғышынан төрт кішкентай қапшық табылды. Полицейлер оны сараптамадан өткізіп, ақ ұнтақтың “альфа-пвп” және “мефедрон” екенін дәлелдеді. Синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 608 грамм. Оны алып-сатуды көздеген пысықай заңсыз тауарды Астанадан әкелгенін хабарлады. Енді құзырлы органдар ірі саудагерлердің ізіне түсуді көздеп отыр. Жалпы жыл басынан бері аймақта заңсыз айналымнан есірткінің 5 келісі тәркіленген.
АЛМАЗ ЖӘКЕНОВ, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297 бабы үшінші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.