«AMANAT» партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Шымкенттегі биыл күрделі жөндеуден өткен 11 мектепке көшпелі мониторинг жүргізді. Қарабастау шағын ауданындағы бұл білім ошағын жөндеу жұмыстары биыл ақпан айында басталып, белгіленген мерзімде аяқталды. 890 оқушыға лайықталған ғимаратта қазір бала оқып жатыр. Мектеп басшылығы комиссия өкілдеріне әлі де кемшіліктер бар екенін жеткізді. Ең өзекті мәселе – су жүйесіне қатысты. Жоспарға сәйкес, қолданыстағы су құбыры көше бойына шығарылуы керек еді. Алайда жөндеу кезінде су есептегіш құрылғы мектеп ішіне орналастырылып кеткен. Салдарынан су қысымы төмендеп, жоғарғы қабаттарға көтерілмей қалған. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жұмыстардың сапасы мен уақтылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын айтты.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі кезде біз енді барлық нысандарды берілген осындай зерделеу жұмыстарын подрядчиктер дұрыс жасады ма немесе қандай да бір кемшіліктер бар ма, түзетулер керек па, сол жағынан қайта зерделеп жүрміз.