Шығыстықтар бұрыңғы уақыт белдеуіне орала ма? Аймақ әкімі соңғы кезде жиі талқыланып жүрген тақырыпқа қатысты жауап берді. Бұған дейін өңір тұрғындары ерте қараңғы түсетінін, бұл, әсіресе, қысқы кезеңде қиындық тудыратынын айтып шағымданған еді. Алайда Нұрымбет Сақтағанов ұсыныс қабылданбайтынын айтып, мәселе мамандар мен ғалымдардың ұсыныстары мен талдауларын ескере отырып, қабылданғанын жеткізді.
НҰРЫМБЕТ САҚТАҒАНОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Жаңа уақыт бойынша біз шамамен екі жылдан астам өмір сүріп келеміз – бір жыл сегіз ай. Қазір көптеген ұйымдар мен мекемелердің жұмыс кестесін қайта қарадық: жұмыс уақыты 08:00-де басталады. Әлемнің әртүрлі қалаларында да әртүрлі кестемен жұмыс істейді, бірақ мұндай мәселелер туындамайды. Менің ойымша, біз бұл мәселені қайта қарастырмаймыз.