$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қаламгер Әділбек Ыбырайымұлы жаңа шығармаларын оқырманға ұсынды

AstanaTV
20.11.2025ж. 19:00
Қаламгер Әділбек Ыбырайымұлы жаңа шығармаларын оқырманға ұсынды

Елордада жазушы Әділбек Ыбырайымұлының екі жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Ұлттық академиялық кітапханада «Арзу» романы мен «Жалғыз жолаушы» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы таныстырылды. «Arna-b» және «Атамұра» баспаларынан жарық көрген бұл туындыларда қазіргі қазақ қоғамы, рухани мәселелер, адам тағдыры мен түрлі өмірлік сынақтар кеңінен суреттеледі. Шараға қаламгерлер, зиялы қауым, оқырмандар мен студенттер қатысты.

ӘДІЛБЕК ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ, ЖАЗУШЫ:

Біздің әдебиетіміз -дәстүрлі әдебиет. Тарихты жаздық, бүгінгі бейбіт тұрмысты жаздық. Бірақ бүгінгі халықаралық деңгейдегі әлем тапырық оқиғаны суреттейтін шығармалар қажет деп есептеймін. Осы мақсатта жазылған шығарма енді бүгін тұсауы кесіліп, оқырманның қолына тиіп, ары қарай өз бағасын алады деп ойлаймын.