$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ҚазҰУ мен Қытай ЖОО-лары жасыл энергия және ЖИ бойынша жаңа жобаларды бастайды

ҚазҰУ мен Қытай ЖОО-лары жасыл энергия және ЖИ бойынша жаңа жобаларды бастайды

Қазақстанның ғылым экожүйесінде жаңа белес. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытайдың жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен жаңа бірлескен жобаларды іске қосады. Негізгі бағыттар - жасыл энергетика, цифрлық технология және жасанды интеллект. Тараптар студенттер мен ғалымдардың академиялық ұтқырлығын кеңейту, ғылыми инфрақұрылымды ортақ пайдалану және бірлескен инновациялық жобаларды дамыту мәселелерін талқылады. Жоғары оқу орнының ректоры Қытаймен қарым-қатынас нығайып келе жатқанын атап өтті. Университетте еліміздегі ең ірі «Конфуций» орталығы, Қытайтану кафедрасы, сондай-ақ 100-ден астам ғылыми жоба жүзеге асырылып жатыр.