$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Армения Премьер-министрі қазақша ән тыңдап отырған видеосын жариялады

21.11.2025ж. 10:32
Армения Премьер-министрі қазақша ән тыңдап отырған видеосын жариялады
Фото: видеодан алынған кадр

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Астанада түсірілген бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

Ол видеода қолын жүрек формасында түйістіріп, ризашылығын білдіреді. Роликтің фонында қазақстандық BAYANSULU тобының «Aua rai» әні шырқалады.

«Қайырлы таң, күндеріңіз сәтті өтсін! Баршаңызды жақсы көремін AMKZ», - деп жазды Пашинян.

Бейнежазба желі қолданушыларының назарын аударды. Қазақстандықтар Пашинянға «Қош келдіңіз!» деп ықылас білдірсе, армяндық желі қолданушылары да жылы пікір қалдырып жатыр.