Ақтөбеде бір күні бұрын із-түзсіз жоғалған ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Әйел адамның денесінде зорлық белгілері анықталған. Ал ер адам асылып тұрған. Олар кеше 10 дар шамасында үйлерінен шығып, автокөлігімен белгісіз бағытқа кеткен. Ұшты-күйлі жоғалған екеуге туыстары іздеу жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары отбасының бес баласы қалғанын жазып, көңіл айтып жатыр. Көршілерінің айтуынша, көпбалалы отбасының кенжесі 1,5 жаста. Бес баланың төртеуі- оқушы. Мектеп басшылығы балалара психологиялық және материалдық көмек көрсетілетінін айтады.
ЖҰЛДЫЗ АЙТМҰҚАН, КӨРШІСІ:
Жазда мына есік алдында балалары ойнап жүретін. Жақсы отбасы сияқты еді, ата-әжесі барлығы бар.
ҒАЗИЗ ҚАЛАМОВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас өте жақсы болды. Әр уақытта біз енді мектепке шақырған уақытта ата-аналары келіп тұратын, папасы келіп тұрады. Балдар сабақтарын жақсы оқиды. Тәртіпті балдар.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Сараптама тағайындалды.