$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында мектеп пен балабақша уақытша жабылды: ауданда тышқан қаптады

Атырау облысында мектеп пен балабақша уақытша жабылды: ауданда тышқан қаптады

Атырау облысының Махамбет ауданындағы екі мектеп пен екі балабақша уақытша жабылды. Себебі, өңірде тышқан қаптап кетті. Әсіресе, Талдыкөл, Бейбарыс ауылдарында жағдай тым күрделі. Халық кеміргіштен қауіпті індет таралып кетеді ме деп қорқып отыр. 

Тұрғындар бұрын-соңды мұндай көп тышқан ешқашан болмаған деп жаға ұстап отыр. Айтуларынша, он шақты күннен бері  Жайық жағасындағы  бөгеттен кеміргіштер лек-легімен ауылға қарай ағылып жатыр. Адамнан сескенуді қойып,  аула түгілі, үйде емін-еркін өріп жүр. 

САЛТАНАТ ҚАБДЫРАХМАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Липучка да жабыстырып жатырмыз. У да салып жатырмыз. Диззенфекция да жасап жатырмыз. Кісілер жазып жатыр. Баламды тістеп алды деп.  Ол ертең ауруға келсе, эпидемияға әкелсе, онда кім жауап береді. Тіпті мысық та жатыр үстінен тышқандар  былай секіріп, былай секіріп тойынған уже тамақ та жемейді.  Тышқан да ауламайды.

Ауылдың айналасында адам бойынан асатын шөп қаптап өсіп тұр. Тышқандар сол жерде көбейіп, күн салқындағаннан бері үйлерге қарай қашып жатыр,- дейді ауыл әкім. Қазір обаға қарсы қызмет мамандарымен  дайындалған дәріні  тұрғындарға тарата бастаған.

СЕЙІЛБЕК ЗҰЛХАШЕВ, БЕЙБАРЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Ауылдан  тышқан ауру шықты деген жағдайда дизенфекциялық қызмет, обаға қарсы қызмет айтуы біздер улаймыз,- деді. Алайда қазіргі уақытта ауру шыққан жоқ. сондықтан ауылдың айналасын улай алмаймыз.  Егер улайтын болса, ауылды толық карантинға жабылу керек. 

Бірақ тышқандар шабуылынан соң екі мектеп пен екі балабақшаны уақытша жабуға мәжбүр болды.  800-ден астам оқушы қашықтан оқуға көшті.

МАРАТ ӘЛМЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Осы аптаның аяғына дейін дезинфекция, дератизация жұмыстарын жүргіземіз. Және ол улау жұмыстары 3-4 күн тұру керек. Содан кейін барып біз қайтадан тазалау арқылы мектеп дайын болған уақытта қайтадан оффлайнға ашамыз.

Кеміргіштер Махамбет ауданының өзге ауылдары мен көршілес Индер ауданында байқалып отыр.