$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жыл басталғалы елімізде тілсіз жаудан 46 адам көз жұмды

AstanaTV
21.11.2025ж. 19:00
Жыл басталғалы елімізде тілсіз жаудан 46 адам көз жұмды

Жылыту маусымы басталғалы елде 870 өрт болған. Тілсіз жаудан 46 адам көз жұмды, оның 11-і бала. Апаттың алдын алу үшін төтенше жағдайлар қызметі жыл сайын тұрғын үйлердегі қауіпсіздік шараларын  түсіндіріп, насихаттайды. Алайда, сонда да қарапайым сақтық ережесін елемейтіндер көп.

ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:

Астанада 30 мыңға жуық тұрғын үй бар, оның 10 мыңы дәл осылай көмір жағып, қыстың күні жылынып жан бағады. Арасында пештен бөлінетін улы газдың әсерінен уланып қалатын азаматтар да аз емес екен. Төтенше жағдайлар министрлігі дәл осындай қауіпті дүниелердің алдын алуы үшін дәл осындай қондырғыларды орнатып берді.

Гүлжамила  Жүкенова 25 жылдан бері пеш жағады. Жылына  4-5 тонна көмір тұтынады. Өздеріңіз көріп тұрғандай, пештің айналасында  жанғыш заттар да,  киімдер де тұр. 

ГҮЖАМИЛА ЖҮКЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Сақтықта қорлық жоқ дейді,жақсы ғой мұндай бізді ескертіп былай сигналдарыңды қойып біздің өмірізді сақтап қалғандарыңа көп көп рақмет!

Электр жүйелерін дұрыс қолданбаудан да өрт шығады. Сондықтан қауіпсіздікті мұнда да сақтау керек дейді мамандар.

ДАРХАН ЫБАШ, «АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ЖАРЫҚ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ АҒА ШЕБЕРІ:

Нормативтік нормаға сәйкес енді көрініп тұр байлану вообще дұрыс емес.Арнайы қоршалған өзінің кабельный каналы болуы керек. Кабельдің жалғанған жерлері ашық жатпау керек.Ө­рт көбіне сол кабельдің сечениесі жұқа болғаннан жабысып қалғаннан шығады ғой.

Дабыл қондырғы қауіптің алдын алады.  Арнайы құрал алдымен әлеуметтік осал топтағы отбасыларға орнатылады.

ЕРБОЛҒАН ПОЛАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Пеш орнатылған жерлерде, адамдар ұйықтайтын жерлдерде орнатылады.Дыбыс жиілігі 85 дициблға дейін барады.Егер улы газ таралса, үй бойынша ол дереу дыбысын шығарып адамдар соны естіп дер кезінде эвакуацияланады қауіпсіз мекенге. 

Құрылғы  жылыту маусымы басталғалы ел аумағында 29 мың баспанаға орнатылған, әлі де  жұмыс жалғасады. Дегенмен төтеншеліктер тұрғындарға үйдегі тоқ құралдарына абай болуды,    көмірді пешке толтырып салмауды ескертеді.