$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Орал қаласының қақ ортасында қақпағы жоқ люктер көбейген

21.11.2025ж. 19:00
Орал қаласының қақ ортасында қақпағы жоқ люктер көбейген

Орал қаласының қақ ортасында қақпағы жоқ, ашық-шашық жатқан құдықтар күрт көбейген. Әрі люктердің қай мекемеге тиесілі екені де белгісіз.

AMANAT» партиясының белсенділері жүргіншілерді осылай ескертуге мәжбүр. Әйтпесе күні ертең ашық жатқан құдықтың бетін қар жауып, кездейсоқ жүргінші немесе мектеп оқушылары құлап, жазым болуы  мүмкін. Себебі тереңдігі кісі бойынан асады. Мұндай "қақпаннан" ойын баласы өздігінен шыға алмайды, дейді белсенді жастар. Партиялықтар жүргізген мониторинг кезінде небары үш көшенің бойынан осындай ашық жатқан оннан астам люк анықталды. Ал қала бойынша қанша құдықтың қақпағы жоқ екені белгісіз. Оның есебін алып жатқан ешкім жоқ. Қаланы қауіпсіз қылуға тырысқан оралдық белсенділер осы кемшілікті тиісті орындарға жолдады.

АРХАТ ИСЛАМҒАЛИ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Орал қалалық әкімдігі қай мекемеге қарасты ашық люктер екенін анықтап, алдағы уақытта бір жұма көлемінде осы люктердің орындарын қайтадан жабуды және де оны қалпына келтіруді уәде етіп отыр бізге. Егер де алдағы уақытта бұл жұмыс орындалмайтын жағдайда жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері бар, айыппұл беріп, басқа дла ескерту жұмыстарын жасайды.