Бүгін Астанада шетелдегі қазақ ғалымдар бас қосты. "Отандас ғалымдар форумына" 12 елден 40-тан астам қандасымыз келген, сондай-ақ 160-тан астам ғалым мен сарапшы қатысты. Форумның ерекшелігі -шетел мен елдегі ғалымдардың жүздесіп, өзара пікір алмасуы. Одан бөлек, форум аясында ғылыми коллаборациялар мен бірлескен зерттеу жобаларының негізі қаланады, әрі инновация және технология әлеуетін ел игілігіне бағыттау жолдары талқыланды.
ДАНИЯР ҚАДЫРОВ, «ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КЕАҚ ПРЕЗИДЕНТІ:
Ғалымдардың келген бағыттары, ауыл шаруашылығы, агрохимия, ядорлық энергетика, нанотехнологиялар, жасанды интеллект және де филологтар келіп жатыр, осы бағыттар бойынша жұмыс істейміз. Болашақта ғылыми талдау, сараптамалық зерттеулерге көп назар аударайық деп отырмыз. Өйткені жұмыс істеу үшін алдымен, ғылыми сараптамалық талдаулар керек. Ол талдаудың есесінен біз болашақ жұмысымызды реттеп, негіздеп отырамыз.
Форум аясында «Ұлы дала» халықаралық кітап шығару байқауының тұсаукесері өтті. Кореядан келген Еркеш Хамитқызы Қазақстандық жас ғалымдарға ғылым жолының оңай емесін айтты. Ол ғылымға махаббатпен, адалдықпен бет бұрсаң, оның пайдасы мен жемісі мол болатынын, ал немқұрайлық танытқан жанға ғылымның да жылу бермейтінін Абайдың сөздерімен жеткізді.
ЕРКЕШ ХАМИТҚЫЗЫ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ SUNGKYUNKWAN УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ, ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ:
Мен Қазақстанға алғаш келіп тұрмын. Бүгінгі форум маған жақсы ұнап жатыр. Шетелдегі ғалымдар тек өздері ғана зерттеу істей бермей. Өздерінің білгендерін үйретіп, келешекте Қазақстанға келіп, жұмыс істесе, қазақтарға үйретсе, Қазақстанның дамуына үлес қосса жақсы ма деп ойлаймын.