Қазақстандық грек-рим балуаны Андрей Самарин Токиода өтіп жатқан Сурдлимпиялық ойындарда алтын медаль иеленді.
Министрлік мәліметінше, 67 кг салмақ дәрежесінде белдескен Самарин финалда Иран спортшысы Мехди Бакшиді 11:1 есебімен айқын басымдықпен тізе бүктірді. Осылайша ол Сурдлимпиялық ойындардың чемпионы атанды.
Жарыс барысында Самарин қарсыластарына толық үстемдік көрсетті:
Екі белдесуде қатарынан 8:0 есебімен жеңуі — оның айқын техникалық басымдығын көрсетеді.
21 жастағы Андрей Самарин – Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылының тумасы.
Ол бұған дейін 2023 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2024 жылы Малайзияда өткен Х Азия-Тынық мұхиты ойындарының жеңімпазы атанған.