Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Астана» ФК Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шықты

AstanaTV
08.12.2017ж. 20:00
3095
«Астана» ФК Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шықты

"Астана" футбол клубы тарихта алғаш рет Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Ақтық кезеңде чехиялық "Славиядан" басым түскен жерлестеріміз енді кәрі құрлықтың азулы аяқ допшыларымен кездесетін болады. Үміткерлердің ішінде тіпті италияндық «Милан», ағылшындық «Арсенал» да бар. Жеребе тарту 11-ші желтоқсан күні Швейцарияның Ньеон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде өтеді. Бүгін айтулы жеңіспен футболшыларды Мемлекет басшысы құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сіздердің табыстарыңыз команданың ойынын зор қызығушылықпен әрі үмітпен бақылап жүрген миллиондаған қазақстандықтарға қуаныш сыйлады. Сіздердің жетістіктеріңіз Қазақстанда футболды және спорт саласын одан әрі дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы бұл жеңістің ерекше символдық мәні бар.



Сондай-ақ, «Астана» велокомандасының да көрсеткіші де жақсы. Команданың көшбасшысы Фабио Ару кеткенімен, енді гранд-турда бірнеше жас шабандоз бақ сынап көреді. Жаңа құрам алдағы жарыстан кейін белгілі болады. Бүгін команда толық құрамда Астанаға келіп, жанкүйерлермен жүздесті.