Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Янъян қалашығының маңындағы орман өртке оранып, жүздеген тұрғын эвакуацияланды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 26 тікұшақ жұмылдырылды. 300-ден астам құтқарушы тартылды.
Мамандар өрттің нақты себептерін анықтап жатыр. Жергілікті билік орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады.