Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі.
Түнде Ақмола облысының шығысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 24 қарашада түнде және таңертең көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, қөктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігіндегі екпіні 23 м/с болады. Петропавлда 24 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с болады. Өскеменде 24 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 24 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан жел екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с құрайды. Павлодарда 24 қарашада күндіз көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с қамтиды. Жезқазғанда 24 қарашада кей уақыттарда тұман болады деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысында және орталығында да тұман түседі.
Астанада 24 қарашада көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 24 қарашада түнде көктайғақ болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда 24 қарашада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертен Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні 17-22 м/с болады. Талдықорғанда 24 қарашада түнде және таңертен тұман болады деп болжанады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында да тұман түседі.
24-25 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, 25 қарашада күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 24-25 қарашада кей уақыттарда тұман болады.