$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтау тұрғыны бомба туралы жалған хабарлама таратқан

24.11.2025ж. 14:25
Ақтау тұрғыны бомба туралы жалған хабарлама таратқан
Фото: Polisia.kz

Ақтауда "жарылғыш зат қойылды" деген көрінеу жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Astana TV.

25 қазан Telegram  мессенджеріндегі "1414" арнасына Ақтау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығында жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратуға қатысы бар жасөспірім ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Полиция  терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау — ауыр қылмыс, және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескеретеді. Тұрғындарды расталмаған және жалған ақпарат таратпауға, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекеттерден сақ болуға шақырады.