ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, салалық заңнамаға сәйкес қала құрылысы жобаларын әзірлеу кезінде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректері пайдаланылады, деп хабарлайды Astana TV.
«Мемлекеттік қала құрылысы кадастры – Бірыңғай құрылыс порталы элементтерінің бірі және аумақтарды дамытудың негізгі құралы, яғни онда цифрлық бас жоспарларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, сондай-ақ ғимараттар, құрылыстар және инженерлік желілер туралы деректер жиналады. Бірыңғай құрылыс порталы алаңында қолданыстағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы қала құрылысын жоспарлаудан бастап объектілерді пайдалануға беруге дейінгі барлық процестерді толық цифрландыруды қамтамасыз ету көзделген. Портал бұрын әртүрлі платформалар арқылы ұсынылып келген цифрлық қызметтер мен деректерге қол жеткізудің әмбебап нүктесіне айналады», - деді спикер.