$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Енді елде тұтынушылардың құқығы қорғалады

24.11.2025ж. 15:48
Енді елде тұтынушылардың құқығы қорғалады
Фото: ОКҚ

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттыру үшін қандай шаралар қабылдау жоспарланған, деп хабарлайды Astana TV.

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов ведомствоның алдында тұрған міндеттер туралы хабардар етті. Олар – тұтынушыларды тиімді қорғауға бағытталған жаңа редакцияда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын қабылдау; «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасын белсенді іске асыруды қамтамасыз ету; халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жасанды интеллектті енгізу; келіп түскен өтініштерге мониторинг жүргізу және талдау, әлеуметтанулық зерттеу жүргізу арқылы халықтың тұтынушылық көңіл-күйін қадағалау.

«Біз жүргізіп жатқан жұмыс тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы азаматтардың қанағаттану деңгейін 2027 жылға қарай 77%-ға дейін жетуге мүмкіндік береді деп санаймыз. Биыл бұл көрсеткіш 74,7% құрап отыр», - деді спикер.