$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

Орталық Азия бойынша ең ауқымды геологиялық кластер Жезқазғанда ашылды. Технологиялық тұрғыда мұндай озық инфрақұрылым әлемде тек жетеу. Оқу орталығы мен зертханалық кешеннің тоғысы – барлау ісінде жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді, - дейді мамандар. Кластер құрамында елдегі ең ірі керн сақтау қоймасы бар. Оның сыйымдылығы – 200 мың қума метр. Мұнда геологиялық деректердің ұлттық мұрағаты қалыптасады. Бұл кен байыту модельдерін кез келген уақытта нақтылап, тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.  Жалпы кластер аумағында 200-ден астам жұмыс орны ашылған. Нысанның оқу-әдістемелік блогы енді құрылатын Ұлытау университетінің бағдарламасымен интеграцияланады.

ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ:

Бұл жерде өндіріс те бар. Бұл жерде ғылым да бар. Бұл жерде әлемдік деңгейдегі зертханалар да бар. Бұл жерде кадрлар да дайындайды. Жалпы бүкіл осы ғылымға, өндіріске не керек соның бәрі осы жерде біріктірілген. Яғни, болашақта геология саласына серпіліс беретін орталық болады деп есептеймін.