$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

AstanaTV
24.11.2025ж. 19:00
Ауғанстанға көмекке барған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсеткен қазақстандық дәрігерлер гуманитарлық миссиясын аяқтап, елге оралды. Академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия орталығының, Ұлттық нейрохирургия орталығының және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары 10 күн ішінде 40-тан аса операция жасаған. Елшілікпен бірлесіп алғаш рет Иран мен Пәкістаннан қайта оралған ауған отбасылары тұратын лагерьге барып, қажетті медициналық көмек көрсеткен. Бұл - шетелдік дипломатиялық өкілдіктің аталған аймаққа жасаған алғашқы сапары.

ОЛЖАС БЕКАРЫСОВ, Н. БАТПЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жағдайлары ауыр. 50 жылдан астам уақыт соғыс болып жатыр Ауғанстанда. Экономикалық кризис бар. Оның бәрі медицинаға да әсер етеді. Аппарат әдістерімен біраз операциялар жасадық. Жақында үлкен жер сілкінісі болды ғой. Көп зардап шеккендер болды. Мысалы, асқынып кеткен сынықтар мен іріңдеген сүйектер. Соның бәріне көмектестік.