$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ғасыр жасаған майдангердің өмір жолы жастарға үлгі

24.11.2025ж. 19:00
Ғасыр жасаған майдангердің өмір жолы жастарға үлгі

Оралдық қарт майдангер Вениамин Скаленко 102 жасқа қадам басты. Жеңісті жақындатқан жауынгерге құрмет көрсеткен қоғамдық ұйымдар мен қала тұрғындары қарияның үйіне арнайы амандаса барып, мерекемен құттықтап тұрады. 9-класты бітіре сала майданға шақыртылған 18 жастағы бозбала Морзе әліппесін мүлтіксіз меңгеріп, алдыңғы шепте ерлік көрсеткен.  Соғыстан келгесін, отбасын құрып, ауылда агроном болып қызмет етеді. Бұдан кейін сеніп тапсырылған лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еңбегімен көзге түседі. Қарт майдангердің өмір жолы жастарға үлгі. Ғасыр жасаса да, қоғамдық жұмыстарға ат салысып, өзгелерге өнеге көрсетіп жүр. Бүгінде өңірде көзі тірі 7 соғыс ардагері қалды.